Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші сәл өсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. қазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан 3, Алматыдан 6 және Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарынан бір-бір адамнан инфекция табылды.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 431 жетті.

Еске салсақ, 20 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 11 жағдай тіркелді, ал 19 сәуірде 10 адамнан анықталды.



Соңғы жаңалықтар