+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Коронавирус жұқтырғандардың 85 пайызы медицина назарынан тыс қалуы мүмкін – дәрігер

2020 жылғы 6 тамыз 16:35
Бөлісіңіз:
Коронавирус жұқтырғандардың 85 пайызы медицина назарынан тыс қалуы мүмкін – дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университетінің микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты Раушан Тьесова-Бердалина COVID-19 алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Раушан Тьесова-Бердалина ең алдымен вирустың ауыр түрін қалай анықтауға болатынын айтты.

«КВИ ауыр түрін анықтау соншалықты қиын емес. Егер дене температурасы 38 градустан түспей қойса және ЖРВИ белгілері білінсе, ол сырқаттың ауыр түрі. Одан бөлек жөтел, ентігу пайда болып, тәбет жоғалса, бірден дәрігерге жүгіну қажет. Сондай-ақ, созылмалы ауруы бар адамдарда сырқат ауыр жүреді. Қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек ауруы бар адамдардың жағдайы КВИ кезінде қиындай түседі», - дейді ол.

Оның айтуынша, симптомсыз науқастар вирус тасымалдаушы болғандықтан оларды оқшаулаған дұрыс.

«Бүгінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі тиімсіз. Аурудың анықталуы мен адамдардың жүгінуі бар болғаны 14 пайыз, сәйкесінше, шамамен 85 пайыз науқас медицина назарынан тыс қалуы мүмкін. Адамдарда аурудың белгісі білінбеуі мүмкін, дегенмен олар вирус тасымалдаушы бола алады. Оны тек зертханалық талдау арқылы ғана анықтай аламыз. Бірақ, егер адамдар үнемі медициналық тексерістен өтсе мұндай жағдай болмас еді. Созылмалы аурулары бар адамдардың иммундық жүйесі дұрыс істемейді. Сөйтіп олар осы инфекцияның симптомсыз тасымалдаушылары болады. Егер ол науқас осыны білетін болса, онда міндетті түрде оқшауланып, маска тағуы қажет», - дейді профессор.

Сөз арасында, ол маска тағу тәртібіне де тоқталды.

«Маска тағып жүруге міндеттіміз. Бұл бүгінгі күннің басты шарты. Маска - медициналық құрал. Ол сонау XIV ғасырдан бері қолданылып келеді. Оба, басқа да жұқпалы аурулар кезінде қолданыла бастаған. Содан бері өзінің тиімділігін көрсетті. Коронавирус тыныс жолдары арқылы жұғатындықтан маска таққан жөн. Науқас түшкіріп, сөйлеген кезде, ол ауаға тарайды да 20-30 минуттан кейін айналасындағы заттарға қонады. Жалпы вирусттың өзі ауада 25 минуттай өмір сүреді. Осы уақыт аралығында біраз адамға жуғуы әбден мүмкін. Сондықтан қоғамдық орындарда, автобуста маска тағу керек. Бір реттік масканы екінші рет тағуға болмайды, ал матадан тігілген масканы бір рет қолданғаннан кейін кір сабынмен жақсылап жуған дұрыс. Қазір адамдар маскаға спирт сеуіп алады екен. Бұл дұрыс емес. Тыныс алу жолдарын зақымдайсыздар. Тағы бір айтарым, масканы дұрыс таққан жөн. Ол ауыз бен мұрынды толық жауып тұру керек.Өздеріңіз байқасаңыздар көшедегі адамдардың басым бөлігінде маска тек аузын жауып тұрады, мұрны ашық»,– деп қосты ол.

Дәрігер денсаулықты нығайту үшін көбірек қозғалып, таза ауада жүріп, жақсы тамақтану керектігін айтты.

«Қазір карантин жағдайы болған соң адамдардың көпшілігі үйінен шықпай отыр. Кейбірі кеңседе жұмыс істейді, яғни қозғалыс аз. Бұл адам денсаулығына кері әсер етеді. Азаматтарға таза ауада серуендеп, көбірек қозғалуға кеңес беремін. Одан бөлек, 7-8 сағат ұйықтаған абзал, ал коронавирустан жазылып шыққан адамдар күндіз де ұйықтаулары керек.Сондай-ақ, бойыңызға күш- қуат беретін нәрлі тағамдарды қабылдаған жөн», - дейді Раушан Тьесова-Бердалина.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT