Коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте 235 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, 14 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 943 адам коронавирус инфекциясынан (–1 801+ және 142 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 10 адамның жағдайы ауыр,

• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 13 желтоқсандағы мәллімет бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 155 адамды құраған болатын.


Соңғы жаңалықтар