Коронавирус жұқтырғандар саны өсіп келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 116 адамнан коронавирус анықталып, 7 адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

24 қарашадағы мәлімет бойынша, 817 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 7 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, кеше 92 адамнан коронавирус анықталған еді. Сондай-ақ, 5 адам жазылып шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар