Коронавирус жұқтырғандар саны аздап болса да өсіп келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны аздап болса да өсіп келеді. Өткен тәулікте вирусты 50 адам жұқтырды. Ал алдыңғы күн олардың саны 45 адам болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау минстрлігінің 30 қазандағы мәліметі бойынша, осы уақытта елде 832 адам коронавирус инфекциясынан (–684+ және 148 КВИ-) ем алып жатыр.

Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 755 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ осы уақытта 10 842 875 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 841 адам II компонентін салдырды. Ревакцинациялан,андар саны – 5 607 772.



Соңғы жаңалықтар