Коронавирус жұқтырғандар көбейсе, маска режиміне қайта ораламыз – Ералы Тоғжанов
2022 жылғы 30 маусым 11:19

Коронавирус жұқтырғандар көбейсе, маска режиміне қайта ораламыз – Ералы Тоғжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі коронавирус инфекциясы ахуалы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге ең маңызды мәселе вакциналау болып отыр, айтарлықтай күрделі жағдай жоқ. Дегенмен, науқастар саны көбейсе, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін науқастар саны артып келеді, сондықтан мәселе жоқ емес, бар. Карантин талаптарын күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Тек қана маска тағу жөнінде емес, жалпы шаралар туралы», - деп жауап берді Е. Тоғжанов Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 137 адам коронавирус жұқтырды.

Бірнеше күн бойы елімізде короновирус жұқтыру деректері артып келеді. Соңғы күндері бұл көрсеткіш бірден 20 есеге көбейген.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT