+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Коронавирус жұқтырған жамбылдық отбасымен бірге Қырғыз шекарасын асып келген

2020 жылғы 27 наурыз 00:09
Бөлісіңіз:
Коронавирус жұқтырған жамбылдық отбасымен бірге Қырғыз шекарасын асып келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Орал қаласында тіркеліп отыр Ақтөбеде инфекциялық стационар саны азайды COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина жүктілікке әсер етпейді – зерттеу нәтижесі

26 наурызда Жамбыл облысында Қордай ауданының 1974 жылғы тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды. Ол бір күн бұрын отбасымен бірге Қырғызстаннан келген.

Белгіленген алгоритмге сәйкес үйлестірілген іс-қимыл нәтижесінде бес мүшесі бар аталмыш отбасы шекарадан өте салысымен оқшауланып, карантин стационарына жатқызылған.

Зертхана талдауы бір адамда вирус бар екенін көрсетті, отбасының басқа мүшелерінің талдауы теріс нәтиже көрсетті.
Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды, қалғандары карантин стационарында медициналық бақылауда қала береді. Олармен байланыста болған адамдар анықталды, қазір қажетті эпидемияға қарсы шаралар жасалып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT