Коронавирус жұқтырған тағы 3 адам анықталды, елімізде барлығы 372 жағдай тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды, елімізде барлығы 372 жағдай тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 сəуір сағат 16:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1 адам.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.

Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қ. – 184,
Алматы қ. – 84,
Қызылорда облысы – 25,
Атырау облысы – 16,
Ақмола облысы – 16,
Қарағанды облысы – 14,
Алматы облысы – 9,
Түркістан облысы – 5,
Ақтөбе облысы – 4,
Жамбыл облысы – 3,
СҚО – 3,
Шымкент қ. – 3,
ШҚО – 2,
БҚО – 2,
Павлодар облысы – 1,
Маңғыстау облысы – 1.


Соңғы жаңалықтар