Коронавирус жұқтырған семейліктің жағдайы жақсарып келеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – 28 наурыздан бері екіжақты пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылып, өкпеге жасанды тыныс беру аппаратына қосылған 1959 жылғы науқастың жағдайы жақсарып, қазір өздігінен дем алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Барлық ем-домды толыққанды алуда.

Ал науқастың 1959 жылы туған COVID-19 вирусына шалдыққан әйелінің жағдайы қанағаттанарлық деп танылды.

Бүгінде аймақ бойынша жұқпалы індетке шалдыққандар саны - 6 адам.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде 2007 жылы туған тағы бір оқушыда коронавирус анықталғаны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар