+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген

2020 жылғы 3 сәуір 20:06
Бөлісіңіз:
Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тiркелген алғашқы жағдай туралы «Хабар 24» арнасында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, коронавирус жұқтырған 1991 жылы туған азаматша 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх - Алматы» рейсімен ұшып келген.

«Бастапқы тексеру кезінде одан және Қостанай облысының тағы 4 азаматынан вирус табылған жоқ. Осылайша олар Жамбыл облысындағы Отар стансасынан пойызға отырып, Қостанайға бағыт алған. Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдады. Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланды. Емханадағы талдау теріс нәтиже көрсетті. Он екінші күні қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсетті.Қазіргі уақытта тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр», - деді Марат Жүндібаев.


Бұған дейін Қостанай облысында бір адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT