Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың 94 пайызы жазылып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус жұқтыру бойынша статистикалық деректерді келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«11 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 106 661-ге жетті. Оның ішінде жазылып шығу көрсеткіші 94,1 пайызды құрады немесе 100 409 адамға жетті. Соңғы бір тәулікте 161 адам індеттен айықты. Қайтыс болғандардың жалпы саны 1 656-ға жетті», - деді ресми өкіл бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазіргі уақытта 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 34 бала бар.

Соңғы бір тәулікте елімізді COVID-19-ды 77 адам жұқтырған.

«Коронавирусқа ұқсас белгілері бар, бірақ ПТР сынағының нәтижесі теріс шыққан 28 928 жағдай тіркелді. Оның ішінде 6 642 науқас емделіп шықты. Соңғы бір тәулікте 353 науқас тіркелді. ПТР сынағы теріс болған адамдар арасында 318 адам қайтыс болды», - деді Бағдат Қожахметов.


Соңғы жаңалықтар