Коронавирус жұқтырған қазақстандық азамат БАӘ-ден ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы 23 қарашада Қазақстанға Түркия, Беларусь, БАӘ, Ресей мен Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ведомствоаралық комиссияның telegram каналына сілтеме жасап.
Аталған халықаралық рейстермен Қазақстанға 940 жолаушы ұшып келген. Олардың ішінде 853-де ПТР-тест анықтамасы болған. Анықтамасы болмаған 86 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған. Атап айтқанда ПТР-тест анықтамасы жоқ Нұр-Сұлтанға 41, Алматыаға 27, Ақтауға 20 жолаушы жеткен.
«Осы 86 азаматтың бәрінен коронавирус табылған жоқ. Алайда Бірікке Араб Әмірліктерінен келген бір жолаушының ол елден тестің оң нәтижесімен келгені анықталды. Нақтырақ айтқанда тестілеудің қорытындысы оған сапар барысында электронды пошта арқылы жеткен. Жолаушы бірден оқшауландырылып, әуежайға жедел жәрдем жетті», - делінген департаменттің хабарламасында.
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
- Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған
-
Павлодарда коронавирустың өршуіне карантинді елемейтін тұрғындар себеп болып отыр
-
Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кетеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам