Коронавирус жұқтырған қай санаттағы адамдар бірден ауруханаға жатқызылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған қай санаттағы адамдар бірден ауруханаға жатқызылады? Бұл азаматтардың санатын Нұр-Сұлтандағы Көпсалалы медициналық орталығына қарайтын қалалық инфекциялық орталықтың басшысы Татьяна Цечоева атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олар: өкпесінің қандай бөлігі қабынғанына қарамастан пневмониясы өршігендер, қант диабетімен ауыратындар, дененің артық салмағынан қиындық көріп жүргендер, әртүрлі жүрек-қан тамырлы ауруына шалдыққандар, оның ішінде артериальды гипертензиясы барлар. Сонымен қатар өкпесінің қабыну деңгейі 30 пайызға жеткендер, коронавирус жұқтырған аяғы ауыр әйелдер, сондай-ақ коронавирусты ауыр көтеретіндер мен үйінде емделуге немесе оқшаулануға жағдайы жоқ азаматтар да бірден стационарға жеткізіледі», - деді Татьяна Цечоева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Инфекционист маманның айтуынша қазір коронавирус жұқтырған азаматтар №10 хаттама бойынша емделіп жатыр.

«Коронавирусты орта және ауыр деңгейде көтерудің сипаттамасы қандай? Ауру ағзада қаншалықты жылдам өршуі мүмкін? Сондай-ақ коронавирусты өршітіп алмаудың жолдары қандай? Ең бірінші кезекте өзіңізді емдеуді доғарыңыз. Яғни бірнеше ауруы бар азаматтар бұрыннан қабылдап жүрген базалық препараттарды қабылдауды тоқтатпауы тиіс. Тіпті коронавирус жұқтырған уақытта да, стационардан шыққан күнде де сол режим мен препараттарды қабылдауды жалғастырғандары дұрыс. Әлбетте ауру дәрежесі уыттану синдромына, демнің жетпеу деңгейіне байланысты айқындалады. Ол вирус әр адамның бойында әртүрлі деңгейде өршиді», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Татьяна Цечоева коронавирус пен тұмаудың айырмашылығы неде екенін түсіндіріп берген болатын. https://kaz.inform.kz/news/infekcionist-maman-koronavirus-pen-tumaudyn-ayyrmashylygyn-tusindirdi_a3721131


Соңғы жаңалықтар