Коронавирус жұқтырған қарағандылықтар Минскіден ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясын жұқтырған қарағандылықтар - 1971 және 1972 жылғы Қазақстан азаматтары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы бес адам анықталды. Оның екеуі Қарағанды қаласында, 1971 және 1972 жылы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген болатын. Сол сияқты, Алматы қаласы бойынша үш адам тіркеліп отыр. Олар 1979 жылғы әйел адам. Бізге Берлин қаласынан ұшып келді. Екінші азамат 1997 жылғы ер адам, Франциядан ұшып келді. Соңғысы 1982 жылғы әйел адам. Барлығының денсаулықтары жақсы» , - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Оның айтуынша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49 болды. Оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда - 25 және Қарағандыда - 2 жағдай тіркелген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда 2 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.
- Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
- Алматыда инфекциялық аурухана қаражатын жымқыруға қатысты тергеу басталды
- Ақмолада кейбір дүкен-базарлар карантинге қарамастан демалыс күні жұмыс істеген
- Коронавирус: Ауыр халде жансақтау бөліміне түскен Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарды
-
Ақтөбеде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артты
-
СҚО-да емдеу мекемесіне цифрлық ангиограф орнатылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам