Коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы жұмсалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында шаһарда коронавирустан бір науқасты емдеу үшін қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жылға дейін ковидті науқасты емдеу үшін әр күннің өз бағасы болатын. Қазіргі уақытта Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарифтерді анықтады. Коронавирус инфекциясының ауыр түрімен ауыратын бір науқасты емдеуге 930 мың теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ауырлығы орташа пациенттер үшін - шамамен 450 мың теңге. Әрбір жағдай белгіленген тарифтік ставкалар бойынша қаралады. Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бөлген қаражат коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға толықтай жетеді. Оған дәрі-дәрмектер, дәрігерлердің, медбикелердің жалақысы және барлық құрылғылардың жабдықтары кіреді», - деді Нариман Табынбаев.

Айта кету керек, 10 наурызда Алматы қаласы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды. Оған сәйкес карантин режимі күшейтілді.

Өткен тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясының 297 жағдайы тіркелді. Стационарлық емдеуде 1 239 адам жатыр. Оның 64-і - бала. Ересек 13 науқастың жағдайы өте ауыр.


Соңғы жаңалықтар