Коронавирус жұқтырған Алексей Луценко әлем чемпионатына қатыспайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Велоспорттан Қазақстан құрама командасының көшбасшысы Алексей Луценко COVID-19 сынамасының оң нәтиже беруіне байланысты әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алексей Луценконың 25 қыркүйек күнгі тест сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетерлігі, шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты Италияда 27 қыркүйек күні басталады.


Соңғы жаңалықтар