Коронавирус жұқтырған адам Нұр-Сұлтан қаласына Миланнан келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі күнде қосымша тағы бір науқас анықталды, яғни үшінші науқас деп айтуға болады. Милан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурыз күні келді. Зертханалық сараптама бойынша коронавирустық инфекция анықталды. Бұл азамат келгенде, біздің протокол бойынша әуежайдан тікелей карантинге жатқызылды», -деді Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Белгілі болғандай, протокол бойынша Миланнан келген әйелмен байланыста болған адамдарға қатысты қажетті жұмыстар жүргізілуде

Оның сөзіне қарағанда, аталған бортта 90 жолаушы болған. Оларға қатысты санитарлық шаралар іске асырылуда.

Бұған дейін хабаарланғандай, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті.

Сонымен қатар коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатыны айтылды.


Соңғы жаңалықтар