Коронавирус жұқтырған адам не істеу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар бірінші кезекте не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы да еске салып өтейін, егер коронавирус инфекциясына тапсырған анализден індет анықталса, онда үйде оқшаулану керек. Осы орайда маска тағу режимін сақтап, күніне үш мәрте термометрия жүргізу қажет. Сонымен қатар, жеке гигиенаның барлық шараларын орындап, жеке ыдыстарды пайдаланып, бөлмені желдеткен дұрыс», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, 500 миллиграмнан парацетамол және күніне бір рет аспирин (150 миллиграм) қабылдау керек.

Сәуле Қисықованың айтуынша, 3-5 күн аралығында дене қызуының көтерілуі корнавирус инфекциясы қалыпты дәрежеде өтіп жатқанда байқалады.

«Аумақтық тіркелу жеріне қарай жедел жәрдім немесе емхананың call-орталығына хабарлау керек. Осы орайда карантин жайында және не себепті хабарласқаныңызды ескерту қажет», - деді ол.

Осы орайда С. Қисықова қарттар, жүрек-қан тамыры әрі онкологиялық ауруы барлар, трансплантациялаудан өткен тұрғындар өздерін емдеумен айналыспай, бірден учаскелік дәрігермен байланысқа шығуы керектігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар