Коронавирус жұқтырған 905 адамның жағдайы ауыр - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 65 098 адам коронавирус инфекциясынан (–56 297 + және 8 801 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 11 576 пациент стационарда, 53 522 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 905 адамның жағдайы ауыр,
• 241 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Соңғы жаңалықтар