Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік
10:20, 07 Тамыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 27 802 адам коронавирус инфекциясынан (–27 492+ және 310 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 1 466 пациент стационарда, 26 336 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
34 адамның жағдайы ауыр,
9 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.