+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Коронавирус жұқтырған 7 мыңнан астам медқызметкер төлем алды

2020 жылғы 16 қазан 10:31
Бөлісіңіз:
Коронавирус жұқтырған 7 мыңнан астам медқызметкер төлем алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19-бен күресуге тартылған 7 688 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҰАА Қашғар округінің 4,7 млн тұрғыны коронавирус тестілеуінен өтеді Бір адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан көз жұмды Өткен тәулікте 57 науқас коронавирустан жазылып шықты

Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

Төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдерді жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, содан соң төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

16 қазан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 7 688 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 182 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды. Осылайша, төлемдерді COVID-19-бен күресте қайтыс болған барлық медицина қызметкерлерінің туыстары алды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (1246) және Алматы (863) қалалары және Атырау (645), Қарағанды (552), Шығыс Қазақстан (542) және Ақмола (501) облыстары бойынша жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT