09:32, 13 Қазан 2021 | GMT +6
Коронавирус жұқтырған 693 адамның жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 53 330 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
13 қазандағы мәлімет бойынша, 53 330 адам коронавирус инфекциясынан (–46 385 + және 6 945 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 285 пациент стационарда, 44 045 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 693 адамның жағдайы ауыр,
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 118 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.