Коронавирус жұқтырған 6 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда COVID-19 бар 6 науқас науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды: Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Шымкент қаласында – 5 сырқат, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсауық министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды.

⠀Қазақстан Республикасында барлығы 132 науқас реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды:

Нұр-Султан қаласында - 37,

Алматы қаласында -24,
Алматы облысында - 3,
Карағанды облысында - 10,
Атырау облысында - 14,
Шымкент қаласында - 20,
Қызылорда облысында – 4,
Батыс-Қазақстан облысында – 3,
Павлодар облысында – 2,
Маңғыстау облысында – 5,
Шығыс-Қазақстан облысында -1,
Түркестан обласы-1,
Ақтөбе қаласында -1,
Жамбыл облысында – 7.


Соңғы жаңалықтар