Коронавирус жұқтырған 58 науқастың жағдайы ауыр - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус жұқтырған 58 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы, қазіргі күні елімізде коронавирус жұқтырып алған 9 300-ден астам адам тіркелді. Олардың арасында 50 пайызы, яғни 4 600-ден астам науқас жазылып, ауруханадан шықты. Өкішінке орай 37 науқас қайтыс болды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта 4 653 науқас ем алып жатыр. Олардың арасында 355 бала бар.

«Сонымен қатар осы науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде деп атуға болады. Көп науқас симптомсыз тіркелген. Бірақ, 13 пайыз немесе 543 науқастың жағдайы орташа, 1,5 немесе 58 науқастың жағдайы ауыр. Олардың ішінде 19 науқас өкпені жасанды желдетуге қосылған», - деді Елжан Біртанов.


Соңғы жаңалықтар