Коронавирус жұқтырған 457 адамның жағдайы ауыр - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 29 469 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігне сілтеме жасап хабарлайды.

23 қарашадағы мәлімет бойынша, 29 469 адам коронавирус инфекциясынан (–25 323+ және 4 146 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 281 пациент стационарда, 23 188 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 457 адамның жағдайы ауыр,
• 131 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 91 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар