Коронавирус жұқтырған 413 адамның жағдайы ауыр – министрлік
2021 жылғы 27 қараша 09:18

Коронавирус жұқтырған 413 адамның жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 90 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

27 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 183 адам коронавирус инфекциясынан (–23 487+ және 3 696 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 691 пациент стационарда, 21 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 413 адамның жағдайы ауыр,
• 130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 90 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Jańalyqtar

MURAǴAT