Коронавирус жұқтырған 375 бала емделіп жатыр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциясын жұқтырған 7 030 адам емделіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 030 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 375 бала бар. Стационарларда 2 813 науқас жатыр. 4 217 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 190 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар