Коронавирус жұқтырған 28 адам анықталды, елімізде жалпы 840 жағдай тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырған 28 адам анықталды. Елімізде жалпы 840 жағдай тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Коронавирус бойынша 11 сәуір 10:00-дегі эпидемиологиялық жағдай белгілі болды. Коронавирус індетін жұқтырған 28 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Алматы қаласынды - 5 адам, Атырау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 11 адам анықталған.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 229 адам, Алматы қаласында – 128 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 35 адам, Қостанай облысында - 3 адам. Жалпы 840 науқас тіркелді.


Соңғы жаңалықтар