Коронавирус жұқтырған 222 науқас инфекциялық стационарларда жатыр - Атырау облысы

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында инфекциялық стационарларда коронавирусинфекциясын жұқтырған 222 науқас жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен

тәулікте 32 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.

Оның ішінде Атырау қаласында Covid-19 инфекциясын жұқтырған 19 адам тіркелген.

Теңіз кен орнында 3 жұмысшының коронавирусқа шалдыққаны расталған. Ал, Жылыой ауданында 6, Құрманғазыда – 2, Индер мен Қызылқоға ауданында бір-бір науқас

анықталған.

Өз үйінде 3 248 адам ем-дом алып жатыр. Өңірдегі 2 360 орындық инфекциялық

стационарларда 222 науқас емделу үшін оқшауланды. Оның ішінде модульдік ауруханада

– 109, фтизиопульманологиялық орталықта – 49, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 48, сондай-ақ, №2 екінші облыстық ауруханада 16 пациент бар.

Соңғы бірнеше күннен бері Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда емделуге жатқызылған бірде-бір науқас жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 2 адам

қайтыс болғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар