Коронавирус жұқтырған 178 алматылық жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы коронавирус және вакциналау бойынша ахуалды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 шілде коронавирус жұқтырудың 798 жағдайы тіркелді, олардың 706-сы – симптоммен, 92-сі – симптомсыз. 39 адам ауруханадан шығарылып, түскендер саны – 299. Жалпы қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 2 878 адам ем алуда. 178 науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімшелерінде жатыр. ӨЖЖА-да 29, инвазиялық емес ӨЖЖА-да 54 ем алуда. High flow-да 70 аппарат бос емес. Қазіргі кезде үйде 4 692 симптоммен, симптомсыз 399, барлығы 5 091 науқас МСАК және Телемедициналық орталық бақылауында жатыр», - деп мәлімдеді Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

1 ақпаннан 18 шілдеге дейін 652 718 адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Өткен тәулікте 3 495 адам екпе салдырған.

Жалпы 60 жастан асқан 93 376 адамға вакцина салынды.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен СОСО-да 212 пункт жұмыс істеуде. Оларды 250-ге дейін көбейту мүмкіндігі қарастырылуда. Барлығы 1 260 адамнан тұратын 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар