+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Коронавирус жұқтырған 17 адам ауыр жағдайда жатыр - ДСМ

2020 жылғы 10 сәуір 19:00
Бөлісіңіз:
Коронавирус жұқтырған 17 адам ауыр жағдайда жатыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда жатқан пациенттердің бірінің жағдайы аса ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір стационарлық емді 712 пациент қабылдап жатыр. Алматыда жатқан пациенттердің бірінің жағдайы аса ауыр. 17 науқастың жағдайы ауыр. 107 науқас ауырлығы орташа деңгейде жатыр. Бірақ коронавирус жұқтыру жағдайларының 80 пайызында – 587 науқас симптомсыз немесе ауруды жеңіл көтергендер», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Министрлік өкілінің айтуына қарағанда, осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен байланыста болған 21 мыңға тарта азамат анықталған.

«Олардың 99 пайызы анықталып, табылып, оқшауланды. Аурудың тіркелу қарқыны бүкіл елде карантин тәртібі енгізілгелі бері 29 наурыздағы 29 пайыздық деңгейдегі жағдаймен салыстырғанда 7 пайызға дейін төмендеді. Бұл жағдай қатаң карантин шараларының тиімділігін көрсетеді», - деді ол.

Ботагөз Жақселекова кейінгі күндері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус жұқтыру жағдайларының айтарлықтай төмендегенін жеткізді. Бұл да шектеу шараларының күшейтілуімен тікелей байланысты болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT