Коронавирус жұқтырған 13 науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавирус жұқтырған 13 пациенттің жағдайы жақсарып, беті бері қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, COVID-19 бар 13 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылған:

Нұр-Сұлтан қаласы - 3,

Алматы қаласы - 1,

Шымкент қаласы - 2,

Павлодар облысы - 2,

Атырау облысы - 3,

Батыс Қазақстан облысы - 1,

Жамбыл облысы - 1.

Қазақстанда барлығы 194 пациент реанимациядан шығарылып, мамандандырылған бөлімге жатқызылған.


Соңғы жаңалықтар