+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкеріне өтемақы төленді

2020 жылғы 30 шілде 19:24
Бөлісіңіз:
Коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкеріне өтемақы төленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырып, қайтыс болған 71 медицина қызметкерінің туған-туыстарынан өтемақыға байланысты өтініш түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық дәрігерлерге 18 реанимобиль мен 8 «жылжымалы медициналық кешен»  берілді СҚО-да коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы — 50 жастан асқандар Жұмысынан айырылған 70 мыңнан астам адам төлем алды

«Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен хабарластық. Ол министрлікке Денсаулық сақтау министрлігінен өтінім берген дәрігерлердің тізімі түседі. Бүгінгі күннің өзінде 123 дәрігердің өтініші қанағаттандырылды. 123 адамның 120-сы өтемақыны толықтай алды. Ал қайтыс болған медициналық қызметкерлерге қатысты айтар болсам, 71 өтініш келіп түскен. Ол азаматтардың тізімін Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдады. Жақын күндері олар (қайтыс болған медициналық қызметкерлердің туған-туыстары) қаражатты алатын болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Үкімет басшысының орынбасары өтініш түскен күннен бастап уақыт оздырмай өтемақыны бірден беру мәселесі шешіліп жатқанын мәлім етті.

«71 адамға байланысты қазір ұсыныс жіберілді», - деп қайталады жауабын Ералы Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT