Коронавирус жұқтырған 108 бала емделуде - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3794 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 сәуір күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 675 адам коронавирус жұқтырған. (жергілікті 673 және Түркия және Ресейден келген 2 жағдай), Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 584, симптомсыз – 91 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 3794 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 108 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 239 адам жатыр. Ал 38 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 78 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5477 пациент бар. Оның ішінде 4861 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда.


Соңғы жаңалықтар