Коронавирус жұқтырдым: ШҚО-да жалған айтқан зейнеткер айыппұл төледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тұрғыны COVID-19 вирусы жайлы шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зайсан қаласында 60 жастағы әйел WatsАpp мессенджері арқылы өзінің жұқпалы дертке шалдыққаны жайлы жалған хабарламалар жазған.

«Осылайша ол дүрбелең туғызып, халық арасында дақпырт сөздердің таралуына түрткі болды. Зейнеткерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 478-бабы 1-бөлігімен 40 АЕК (1 сәуірден бастап 1 АЕК – 2778 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары рейд барысында төтенше жағдай кезіндегі жұмыс уақытына қатысты шектеулерді сақтамаған кәсіпкерді анықтады. 52 жастағы дәмхана иесі 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде ел арасында жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар