Коронавирус: ЖОО профессорлары мен резиденттері ауруханаларда жұмыс істейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында медициналық колледж түлектері жедел жәрдем бригадаларына көмектесетін болады. Ал университеттің оқытушы-профессорлары мен резиденттері ауруханаларға жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысында қазір 4800-ден астам медцина қызметкері жұмыс істейді.
«Медицина университетінің 112 резиденті мен 165 оқытушы-профессоры емдеу, кеңес беру жұмысына тартылады. Сонымен бірге бүгіннен бастап жедел жәрдем мен провизорлық емдеу орнына медициналық колледждің 100-ге жуық түлегі қосылды», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы тікелей эфир кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жоспарлы толықтыру жүргенін, демеушілер арқылы қор жиналатынын айтты.
«Облыс бойынша 200-ге жуық мониторинг тобы құрылды. Олар 4 мыңнан астам тексеру жүргізді. Тұрғындар тарапынан сұраныс артқан соң қызу түсіретін дәрі, антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттардың жетіспеушілігі бар. Оны білемін. Облыстағы 573 дәріханаға дәрі-дәрмек уақылыты келсе де, тұрғындарды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Дәріхана иелеріне ескерту берілді. Сонымен бірге көршілес Ресеймен байланыс орнатылды», - деді Оңдасын Оразалин.
Бұған дейін Өңір басшысы тікелей эфир барысында коронавирус бойынша ахуалды баяндады. Сондай-ақ ол өңірде пневмониядан 62 адам көз жұмғанын мәлім етті.
- Қостанай облысында ерікті вакциналау 31 емханада жүргізіледі
- Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде бірқатар қазақстандық рингке шығады
- Оралда жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейтін болды
- «Спутник V» вакцинасы иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді - маман
-
Коронавирус: Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында карантин жеңілдетілді
-
СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны бір аптада 1,7 есе артты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам