Коронавирус: Жиі қойылатын сұрақтар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - iKOMEK қалалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына коронавирустық инфекция (COVID-19) симптомдары мен ол анықталған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы 1-0-9 қысқа нөмірі арқылы 24/7 бойы консультация береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты iKOMEK қалалық орталығы күшейтілген жұмыс тәртібіне өтіп, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы операторларының желісі 53 операторға дейін ұлғайды, кезек кеңейтіліп, қатарынан 120 кіріс қоңырауға дейін қабылдай алады.

«Өткен тәулікте iKOMEK109-ға 8 000-нан астам өтініш келіп түсті, оның 4 000 коронавирустық инфекцияға қатысты. 13 наурыз бен 20 наурыз аралығында коронавирус бойынша 10 000-ға жуық өтініш тіркелді. Тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді талдау негізінде біз жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар әзірледік», - дейді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Қосымша, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары барлық мәселелер бойынша iKOMEK109-ға келесі сервистердің көмегімен жүгіне алады:

- Әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz

- iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);

- Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Аitu.city порталы.


Соңғы жаңалықтар