Коронавирус: Жеті өңір «қызыл» аймақта

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.



Соңғы жаңалықтар