Коронавирус: «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында бір күнде 6 адам қайтыс болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында бір күнде коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 39 адам Covid-19 инфекциясын жұқтырған. Әсіресе, Атырау қаласы қауіпті вирустың ең көп таралатын ошағы болып отыр. Шаһарда 29, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 3 науқас анықталған.

Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында – 2, Махамбетте – 2, Жылыойда – 1, Исатайда – 1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.

«Өткен тәулікте қауіпті вирус жұқтырған 6 адам қайтыс болды. Ал, 14 адам емделіп шықты. Қазір 364 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланды. Инфекциялық стационарларда 226 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 80, №2 облыстық ауруханада – 50, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 35, Теңіз кен орнындағы стационарда 61 пациент ем-дом шарасын қабылдап жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы «жасыл» аймаққа өткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар