Коронавирус: «Жасыл аймақта» 2 өңір ғана қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша, «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сайры аймаққа» Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары кірді.

«Жасыл аймақта» әзірге Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары ғана тұр.


Соңғы жаңалықтар