+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Коронавирус жас талғамайды - Алтай Көлгінов

2020 жылғы 26 мамыр 16:02
Бөлісіңіз:
Коронавирус жас талғамайды - Алтай Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада коравирус жұқтырған 1 686 науқастың 51 пайызы емделіп шықты. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов: КВИ-ден қайтыс болғандарды жасырып қалу мүмкін емес Қазақстан коронавирус жұқтыру бойынша әлемде көш бастап тұр ма Қазақстанда тағы 237 сырқат коронавирустан айықты

«Әлемдік пандемия қалыпты өмірімізге өзгерістер енгізіп, басқаша өмір сүруге мәжбүр етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығы азаматтарымыздың тәртіпті сақтап, инфекциядан қорғануымызға септігін тигізді. Президенттің дер кезінде қабылдаған шаралары азаматтардың оқшаулануына жағдай жасап, нәтижесінде вирустың кең таралуына жол берілген жоқ. Осындай сын сағатта халықтың біртұтастығы маңызды. Індет тарала бастаған алғашқы кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған үндеуі қоғамдық біріктіріп, қиындықты бірге еңсеруге көмегін тигізді», - деді Алтай Көлгінов.

Елорда басшысының дерегінше, осы аралықта елордада коронавирус жұқтырған 1 686 науқас тіркелді. 835 пациент немесе 51 пайыз азамат емделіп шықса, қалғандары қазіргі уақытта карантинде жатыр. Өкінішке қарай 5 адам қаза болды.

«Қазіргі күнделікті өсу статистикасы 2-ден 4 пайызға дейін болып отыр. Науқастардың 40 пайызы - 30 жасқа дейінгі жастар, ал 35 пайызы - 30-дан 50 жасқа дейінгі адамдар. Яғни, осы статистикаға жүгінер болсақ, вирус тек қана үлкен адамдарға, зейнеткерлерге немесе бұрынан ауруы бар азаматтарға қауіпті деген сөз расталмады. Сондықтан қазіргі жағдайда, біздің тәжірибе көрсеткендей, коронавирус жас талғамайды. Яғни, коронавирустан барлығымыз бірдей сақтануымыз қажет. Сақтықта қорлық жоқ», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT