Коронавирус: Жапонияда бесінші күн қатарынан тәуліктік рекорд жаңартылды

None
None
ТОКИО. Жапон билігі өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 84 934 жағдайын анықтады, бесінші күн қатарынан ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған сенбі күні елдегі префектуралардың әкімшіліктері жариялаған мәліметтер дәлел.

Алдыңғы рекорд жұмада 81 810 жағдаймен орнатылды. Токиода соңғы 24 сағатта инфекцияның 17 433 жағдайы расталды. Жалпы, індет басталғаннан бері 2,6 миллионға жуық адам жұқтырған.

Сонымен қатар, өлім-жітім төмен деңгейде қалып отыр: өткен тәулікте шамамен 126 миллион халқы бар елде ковидпен ауыратындар арасында 39 өлім тіркелді. 734 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жапониядағы індет кезінде індетті жұқтырғандар арасында 18,7 мың адам қайтыс болды.

Жапонияда коронавирустың таралуы өткен жылдың желтоқсан айының ортасына дейін салыстырмалы түрде төмен болды, ол кезде омикрон штамының таралуына байланысты аурушаңдықтың күрт өсу үрдісі байқалды. Мамандар өлім-жітім деңгейінің төмен болуын халықтың иммундау деңгейінің жоғары болуымен байланыстырады.

Бүгінгі таңда Жапонияда 99,7 миллион адам немесе халықтың 78,7 пайызы екі дозалық екпеден өткен. Бұл ретте 3,4 млн адам (халықтың шамамен 2,7%-ы) күшейткіш дозамен егілді.

Жапон үкіметі инфекциямен күресу үшін 27 қаңтардан бастап 47 жергілікті префектураның 34-іне, соның ішінде Үлкен Токио аймағына жаңа коронавирустың таралуына қарсы күшейтілген шаралар енгізді. Ол бойынша бірінші кезекте қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақытын қысқартуды және онда алкоголь өнімдерін сатуды қатайтуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар