Коронавирус: Жапонияда ауыр халде жатқан науқастар саны рекордтық көрсеткішке жетті

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияда бейсенбі күнгі жағдай бойынша 2 158 пациент ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK World Japan-ға сілтеме жасап.

Жапонияда ауыр халде жатқан коронавирус науқастарының саны бейсенбі күні рекордтық көрсеткішке 2 158 адамға жетті. Бұл сейсенбі күнгіден 48 адамға көп.

Токионың қалалық билігінің мәліметінше бейсенбі күні Жапония астанасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 099 жаңа жағдайы анықталған. Қалада соңғы 11 күнде күнделікті коронавирус жағдайларының төмендеуі байқалады.

Соңғы аптада күніне орта есеппен 3 140 жағдай анықталды, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 37.9%-ға төмен.

Жапония астанасында коронавирус инфекциясының ресми расталған жағдайларының саны 349 841-ге жетті.

Ресми мәліметтерге сәйкес, бейсенбі күнгі жағдай бойынша ауыр халдегі науқастар саны 291 адамға жетті, бір күнде 5 адамға артқан.

Токиода вирустан көз жұмғандардың жалпы саны – 2 510 адам. Бейсенбі күні 10 адам қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар