Коронавирус: Жапония вакцинация паспортын енгізеді, Швеция 80-нен асқан қарттарға екпе салады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саниятариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлемдегі коронавирус ахуалына шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бангладеш билігі коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулердің күшін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Республика үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елде адамдардың қозғалысы мен қоғамдық көліктің жұмысына қойылған шектеулердің күші ұзартылды.

Сондай-ақ, республикада туристік және ойын-сауық мекемелері мен курорттардың жұмысы тоқтатылған.

Коронавирус инфекциясын жұқтырудың жоғары деңгейі анықталған жағдайда Бангладештің бірқатар аудандарында карантин талаптары қатаңдатылады.

Жапония үкіметі вакцинация төлқұжатын 2021 жылдың шілдесінен бастап енгізуді жоспарлап отыр.

Жапондық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері жұмысшылардың шетелдік сапарларға шығуын қамтамасыз ету мақсатында Еуропалық Одақ сияқты вакцинация паспорттарын енгізуді талап етіп отыр.

Осыған орай Жапония үкіметі муниципалитеттерге коронавирусқа қарсы екпені алған азаматтар үшін сертификаттарды шығаруды шілденің соңында бастауға мүмкіндік бермек.

Вакцинаны қабылдағандардың паспорттары электронды түрде де шығарылуы мүмкін.

Швеция тұрғындарына COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші компоненті ұсынылады.

Мемлекеттің қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясына қарсы екпенің үшінші дозасы осы қыста 80 жастан асқан азаматтарға қажет болуы мүмкін.

Вакцинаның үшінші компонентімен қарттар үйінде тұратын немесе иммундық жүйесі әлсіреген қарт адамдардың егілетіні атап өтілген.

Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі алдағы екі жыл ішінде егу шараларының қажеттілігін бағалау барысында қосымша қайта вакциналау қажет деген қорытындыға келді.



Соңғы жаңалықтар