+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Коронавирус және пневмониямен ауырғандар оңалтудан қалай өте алады

2020 жылғы 6 қараша 16:35
Бөлісіңіз:
Коронавирус және пневмониямен ауырғандар оңалтудан қалай өте алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауырған науқастар әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен оңалтудан өте алады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Халықты медициналық оңалту ережесіне тиісті толықтырулар енгізді. Бұйрық «Әділет» сайтында жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 411 жағдай тіркелді Фейк: Ауруханаларда вакцинацияланған балаларға арналған төсек-орындар дайындалды Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды

COVID-19-дан айыққан науқастардың денсаулығын оңалту бірнеше кезеңнен тұрады. Ауруханаға жатқызу кезеңінде-ақ қалпына келтіру шараларының кешені басталады. Олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынулардың дамуын азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған.

Ауруханадан шыққаннан кейін ауру ағымының ауырлығына, ілеспе патологиялардың болуына байланысты пациент медициналық оңалтудың 2-кезеңіне немесе бірден 3-кезеңге жіберілуі мүмкін. Ол амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәуліктік стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда немесе қашықтан жүргізіледі. Айта кету керек, коронавирустан кейінгі синдром психологиялық қолдау шараларын қажет етеді.

«Егер науқас коронавирус инфекциясымен ауырған болса, қанның оттегімен қанығуы 95% төмен, өкпенің зақымдану деңгейі 50% асса немесе бұл көрсеткіш 25% деңгейінде болса, сондай-ақ норма шегінен асатын ентігу, ілеспе аурулары болса, оған оттегі беру қолданылса және емдеу реанимация, қарқынды терапия бөлімінде өтсе, онда бұл науқас 2-кезеңді қалпына келтіруді қажет етеді. Ал жағдайы орташа болған пациенттер 3-кезеңге жіберіледі», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да 3-кезеңді оңалтудан өте алады. Сондай-ақ, олар мультидисциплинарлы топтың бағалауынан өтуі қажет.

Әрбір оңалту курсы пациент ағзасының ерекшеліктерін, оның қосалқы ауруларының болуын, жасын және тағы басқаларын ескере отырып, жеке таңдалады.

COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды оңалтуға жіберу тәртібі бұрынғы тәртіптен ерекшеленбейді: ол үшін сіз учаскелік дәрігермен кеңесуіңіз керек, участкелік дәрігер пациенттің жағдайын бағалау үшін реабилитолог немесе көпсалалы мамандар тобының кеңесіне жолдама береді. Тексеру кезінде тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілігі (Бартел индексі) ескеріледі.

Қор коронавируспен немесе пневмониямен ауырғаннан кейін оларға мұқтаж сақтандырылған халық үшін оңалту қызметтерін үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Оңалту қызметтерін көрсету үшін биылғы жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 559 жеткізушімен шарттар жасасты. Оның ішінде осы қызметтерді жеткізушілер қатарында 203 жеке медициналық ұйым бар.

Егер емделушіге көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту ережелеріне қатысты сұрақтары туындаса, онда пациент 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT