+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Коронавирус: Жамбыл облысында анықталған 3-жағдайға қатысты мәліметтер жарияланды

2020 жылғы 27 наурыз 09:25
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Жамбыл облысында анықталған 3-жағдайға қатысты мәліметтер жарияланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында тіркелген коронавирусқа шалдығудың үшінші оқиғасына қатысты мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі аптаның соңында шешіледі Сарапшы: Карантин режимін бұзғандарға 83 мың теңге айыппұл - мәжбүрлі шара Сәкен Майғазиев қазақстандықтарды сабырға шақырып, күйзеліске түспеуге кеңес берді

27 наурыз күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3-жағдайы тіркелген болатын.

«Науқастанған Қордай ауданының 1996 жылғы тұрғыны 24 наурызда Қырғызстан Республикасынан келген. Белгіленген алгоритм бойынша бойжеткен карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық талдау нәтижелері коронавирустың оң нәтижесін көрсетті», - делінген ақпаратта.

Пациент инфекциялық стационарға жатқызылған.

«Жағдайы – қанағаттанарлық. Дене қызуының жоғарылауы және коронавирустың өзге белгілері байқалмайды. Коронавирус инфекциясына диагностика және оны емдеу бекітілген хаттама бойынша жүзеге асырылуда. Қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Олардың анализдеріне талдау жасалуда», - делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кетейік, Жамбыл облысында індетке шалдығудың алғашқы жағдайы 24 наурызда тіркелді. Ол - Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны. Өңірге Қырғызстан Республикасынан келген. 24 наурыз күні облыстық карантиндік стационарға жатқызылды.

Екінші оқиға 26 наурыз күні анықталды. Инфекция Қордай ауданының 1974 жылғы тұрғынынан табылды. Ол бір күн бұрын отбасымен бірге Қырғызстаннан келген. Жанұяның бес мүшесі де шекарадан өте салысымен оқшауланып, карантиндік стационарға жатқызылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT