Коронавирус: Жамбыл облысында 150 мыңнан аса тұрғын вакцина салдырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны азайып келеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда өңірде вирус жұқтырғандардың орташа апталық көрсеткіші күніне 17-ден 30-ға дейінгі аралықты құрайды. Бұған эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуы және жаппай вакцинацияның басталуы арқасында қол жеткізілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтып берді.

«Пандемияның негізгі сабағы – аурудың алдын алу. Вирусты жұқтыру оңай, көп жағдайларда оны емдеу қиын. Өзіңізді және жақындарыңызды инфекциядан қорғау және аймақтағы жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін эпидемияға қарсы барлық шараларды жауапкершілікпен орындау қажет. Бұл – бетперде кию және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтау, жеке гигиена»,-дейді басқарма басшысы.

Вирустан қорнаудың ең тиімді әдісі – вакцинация болып қала бермек. Бүгінгі таңда облыста вакцинаны 150415 тұрғын салдырды және бұл өңір тұрғындарының 25,8 пайызы. Аймақта егу пункттері жеткілікті.

«Бүгінде өңірде Қазақстан, Ресей, Қытай өндірушілерінің вакциналары бар. Тұрғындар өздері қалаған вакцинаны таңдай алады. Сонымен, вакцина алған адамдарда, оның түріне қарамастан, ауру 30 есе азаяды. Бұл дегеніміз, COVID-19 пациентімен байланыста болған вакцинацияланбаған адамның жұқтыру ықтималдығы – 90,0 пайыз, ал вакцинацияланғанда тек – 3,0 пайыз құрайды. Жалпы, егілгендерде ауру және асқынулар 15 есе аз болады. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда сырқаты әлдеқайда жеңіл, әрі ауыр асқынуларсыз болатыны дәлелденген»,-дейді Ә. Қалиев.


Соңғы жаңалықтар