+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Коронавирус жаһандық экономикаға қалай әсер етеді?

2020 жылғы 28 қаңтар 14:21
Бөлісіңіз:
Коронавирус жаһандық экономикаға қалай әсер етеді?

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай жаңа вируспен күресіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты Қытай үшін төтенше жағдай деп атады, деп жазады ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Бұл жағдайдың экономикалық салдары болатыны сөзсіз. Әзірге экономистер нақты сандарды атауға әлі ерте деп отыр. Дегенмен, олардың айтуынша, вирустың экономикаға қалай әсер ететінін болжап көруге болады», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, осыған ұқсас жағдай 2002-2003 жылдары болған. Ол кезде Қытайда басталған Sars вирусы экономикаға 40 млрд доллар шығын алып келген.

«Қытайда экономикалық шығын әлден байқалады. Біріншіден, туристік бизнеске зиян тиді. Екіншіден, тұтынушылық шығын азайды. Ал Ухан қаласының маңызды көлік орталығы екенін ескерсек, қаланың жабылуы бизнес пен тауар тасымалына кері әсер етеді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, пациенттерді емдеуге кететін қаржыны да ескеру керек. Яғни, осының бәрінен туындайтын қаржылық түйткілдер экономикалық проблемаға алып келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT