Коронавирус: Жабық кешендегі IX Азия чемпионаты Қытайда өтпейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Ухан қаласында (Хубэй провинциясы) тараған коронавирус ауруына байланысты Ханчжоуда жоспарланған жабық кешендегі IX Азия чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, құрлықтық біріншілік 12-13 ақпан күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында өтуі тиіс болған. Алайда, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне жарыстың өтпейтіндігі туралы Азия жеңіл атлетика қауымдастығынан хат келген. Онда жарыстың болмайтыны туралы айтылған. Басқарма президенті Дахлан аль-Хамад құрлықтық қауымдастық атынан вирустың таралуына алаңдаулы екенін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Уханда 3-14 ақпан аралығында өтетін 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Тынық мұхиты елдерінің боксшыларын іріктеуді кейінге қалдыру шешімі қабылданған болатын.

Кейіннен бұл аталған іріктеу турнирді Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы 3-11 наурыз аралығында Иорданияның Амман қаласында өткізетін болып шешті.


Фото: olympic.kz
Соңғы жаңалықтар