Коронавирус вакцинасын салдырғанға дейін және одан кейін оқшаулану керек пе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус вакцинасын салдырғанға дейін және одан кейін оқшаулану керек пе? Бұл сұраққа ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинаға көнетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шын мәнінде оқшаулану – адамдардың басқа біреулерге вирус жұқтыруының алдын алу үшін керек. Мұндай жағдайда коронавирус вакцинасын салдырғанға дейін және одан кейін оқшауланудың қажеті жоқ. Бірақ адамдар ең алдымен өзінің қауіпсіздігін ойлауға тиіс. Сол себепті вакцина алатын адам үшін толығымен карантин режимін сақтаған дұрыс. Вакцина салдыратын кез келген адамның ең біріншіден дені сау болуы керек. Екпе алған адам қоршаған ортаға қауіпсіз. Екпе алған адамға коронавирус жұқпайды. Яғни, вакцина құрамында инфекциялық негіз жоқ», - деді Нұршай Әзімбаева онлайн конференция барысында.

Басқарма басшысы дегенмен екпе алған адам сақтық шараларын сақтауы керектігін еске салды.

«Жалпы вакциналауға қатысты оқшауланудың қажеті жоқ», - деп сөзін шегелей түсті ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұршай Әзімбаева ақылы екпе кабинеттерінде КВИ-ге қарсы вакцина салынбайтынын ескерткен еді.


Соңғы жаңалықтар